
«Арланға» қарсы сенімді жеңіс
Матчтағы есепті қонақтар ашты, алайда жарақаттан кейін оралған Александр Борисевич әдемі шайбамен жауап берді. Артынша Егор Кузьменко командасын алға шығарды - 2:1.
Екінші кезеңде басымдықты ұлғайттық: көпшілікте Эдгарс Сиксна көзге түссе, Егор Кузьменко азшылықта тағы бір шайба соқты. Штрафтық лақтыру кезінде Кузьменко мүмкіндігін мүлт жібермей, хет-трик авторы атанды
Ойын 5:2 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына аяқталды