Новости

«Сарыарқа» хоккей клубының жаңа директоры тағайындалды!

26 ноября, 2025

«Сарыарқа» хоккей клубының жаңа директоры тағайындалды!

 

Бүгін команданың кезекті жиналысы өтті. Жиынға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев пен Қарағанды облысының хоккей федерациясының президенті Айбек Темірбайұлы Жұмабеков қатысты.

 

Басқосу барысында ұжымға клубтың жаңа директоры – Туямашев Берік Болатұлы таныстырылды. Басшылық алдағы маусымға қойылған мақсаттар мен міндеттерді айқындап, командаға сәттілік тіледі.

 

 Берік Болатұлының еңбек жолы мен білімі:

 

 Білімі:  2009-2011 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды мемлекеттік университеті («Құқықтану» мамандығы);  2011-2013 жж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті («Дене шынықтыру және спорт» мамандығы);  2013 ж. – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресей Халықаралық Олимпиадалық университеті («Спорттық менеджмент» мамандығы);  2011 ж. – Мәскеу қаласында өткен ТМД жастар күндерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан Қазақстан делегациясының жетекшісі болды.

 

 Еңбек өтілі:  2012-2013 жж. – Астана қаласындағы «Барыс» спорттық-жаттығу кешенінің директоры;  2014-2015 жж. – Құрамына «Астана» хоккей клубы кіретін «Астана спорт клубы» ЖШС басшысы.

 

Соңғы жылдары Берік Болатұлы аймақтағы бұқаралық спортты дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Жаңа басшының осы маусымдағы басты мақсаты – клубтың көптен күткен чемпиондық титулды жеңіп алуына бар күш-жігерін салу!

 

Жаңа қызметте толағай табыстар тілейміз! Алға, «Сарыарқа»! 

——————————————————————————

Сегодня состоялось командное собрание, в котором приняли участие руководитель Управления физической культуры и спорта Карагандинской области Серик Жумангалиевич Сапиев и президент Федерации хоккея Карагандинской области Айбек Темирбаевич Жумабеков.

 

В ходе встречи коллективу был представлен новый директор клуба – Туямашев Берик Болатович. Руководство озвучило цели и задачи на сезон, а также выразило слова напутствия команде.

 

 Биография и опыт нового руководителя:

 

 Образование:  2009-2011 гг. – Карагандинский Государственный университет КазПотребсоюза (специальность «Юриспруденция»);  2011-2013 гг. – Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова (специальность «Физическая культура и спорт»);  2013 г. – Российский Международный Олимпийский Университет по программе «Болашақ» (специальность «Спортивный менеджмент»);  В 2011 году возглавлял делегацию Республики Казахстан от Министерства образования на Днях молодежи СНГ в Москве.

 

 Профессиональный опыт:  2012-2013 гг. – Директор спортивно-раскаточного комплекса «Барыс» (г. Астана);  2014-2015 гг. – Руководитель ТОО «Астана Спорт Клубы» (клуб по игровым видам спорта, в состав которого входил ХК «Астана»).

 

В последние годы Берик Болатович активно поддерживает развитие массового спорта в регионе. Намерения нового руководителя в этом сезоне амбициозны — помочь нашему клубу завоевать долгожданный чемпионский титул!

 

Желаем успехов на новом посту и реализации всех намеченных планов! Алға, «Сарыарқа»!

Наверх