«Сарыарқа» хоккей клубының шабуылшысы Михаил Рахманов кезекті сырт алаңдағы сериядан кейін ұпай жиынтығы бойынша үздік үштіктен орын тапты.
Pro Ligasy аясында өткізген 38 ойын нәтижесі бойынша шабуылшымыздың қоржынында 48 ұпай (23+25). Сан басымдылығын орындайтын бірінші арнайы жасақтың таптырмас мүшесі атанып үлгерген Михаил биылғы маусымда 10 рет артық құрамда жүріп гол соқса, бір шайбаны кем құрамда қарсыластар қақпасына дарытты. Пайдалылық коэффициенті +17. Бұл көрсеткіш бойынша ол командамыздың қос көшбасшылары Никита Аноховский (+16) мен Владислав Кулиевтің (+12) алдын орап тұр. Айып уақытын ескерер болсақ Аноховский мен Кулиевтің еншісінде небәрі 4 минут болса, Рахмановтың пассивінде 26 минут айып уақыты бар. Деседе, бұл кері көрсеткіш шабуылшымыз үшін нәтижелі ойын өрнегін көрсетуге еш қиындық тудырмауда.
Биылғы жылдың алғашқы сырт алаңдағы сериясында Михаил Рахманов 4 ойын өткізіп 7 ұпай еншіледі. Қоржында 2 гол және 5 нәтижелі пас бар.
-------------
Нападающий «Сарыарки» Михаил Рахманов после очередной гостевой серии ворвался в тройку лидеров Pro Ligasy по набранным баллам.
После 38 проведенных игр на счету нашего форварда 48 (23+25) очков. Лидер первой спец бригады большинства в этом сезоне 10 раз отличился в формате 5/4 и один гол забросил при игре в меньшинстве. Коэффициент полезности составляет + 17. Стоит отметить по этому показателю он опережает других двух лидеров нашей команды Владислава Кулиева (+12) и Никиту Аноховского (+16). Есть и обратная сторона медали. Если у Кулиева и Аноховского штрафное время в совокупности составляет всего 4 минуты, то у Рахманова этот отрицательный показатель равен 26 минутам.
В первой выездной серии нынешнего года Михаил уже успел заработать 7 очков. На его счету 2 гола и 5 результативных передач после четырёх игр.