Новости

Турнир в КХЛ с экс-игроком "Сарыарки"

22 июня, 2022

"Сарыарқа" хоккей клубының экс-шабуылшысы Сергей Барбашев ҚХЛ 3х3 турниріне қатысуда.

Бұл турнирде Сергей "Дракон" командасының намысын қорғамақ. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда шабуылшы "сайып қырандарымыздың" сапында Қазақстан чемпионы атанған. Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңін қосқанда 17 ойын өткізіп, 21 (7+14) ұпай еншілеген.

КХЛ 3х3 турнирі бүгінде басталып кетті. Жарыстың алғашқы күнінде экс-шабуылшымыздың командасы «Центаврға» 8:7 есебімен есе жіберді. Айта кету керек, Сергей Барбашев бастаған ұжым ойын барысында 7:3 есебімен алда болған. Алайда, жеңісті есепті сақтап қалу мүмкін болмады.

——

Экс-форвард «Сарыарки» Сергей Барбашев принимает участие в турнире КХЛ 3х3.

В этом турнире Сергей защищает цвета команды "Дракон". Напомним, в прошлом сезоне он стал чемпионом Казахстана в стане "желто-чёрных". Провёл 17 матчей включая финальную стадию Континентального кубка и заработал 21 (7+14) очко.

Турнир КХЛ 3х3 уже стартовал. В первом матче команда Сергея к сожлению не смогла сохранить преимущество в четрыи шайбы проиграла команде «Центавр» со счетом 8:7.

Наверх